Скутерлер жол көлік апатына жиі түседі


pxhere.com
Атырауда соңғы екі айда скутер мен мопедтердің қатысуымен 3 жол-көлік оқиғасы орын алды,- деп жазады “Экспресс-К”
Атырау облыстық Полиция Департаментінің хабарлауынша, ауа-райы жылына салысымен, қала көшелерінде мопедтер, мотоциклдер мен скутерлердің саны артқан.
— Мопедистердің ұқыпсыз көлік жүргізуі, арнайы қорғаныс құралдарының болмауы, көлік қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы — жол-көлік оқиғаларының себептерінің біріне айналып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіруде,- дейді Атырау қалалық полиция Басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.
Жыл басынан бері мұндай көлік құралын жүргізушілердің қатысуымен қала жолдарында 3 жол-көлік оқиғасы орын алды. Мысалы, 24 наурыз күні сағат 15:00 шамасында С.Бейбарыс даңғылы-Махамбет көшесінің қиылысында "Приора" мен скутер соқтығысып, нәтижесінде 18-жастағы скутер жүргізушісі бас жарақатын алған.
Сондай-ақ, 9 сәуір күні сағат 18:57 шамасында С.Бейбарыс даңғылы-Махамбет көшесінің қиылысында "Toyota Ipsum" автокөлігі мен скутер соқтығысып, оқиға салдарынан 35-жастағы скутер жүргізушісі сол жақ иығын мен басын жарақаттап алып, Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.