Ашық алаңқайдағы дәмханалардың жұмысы ұзартылды

Қуаныш РАХМЕТ

ppz.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ашық алаңдары бар нысандардың жұмыс кестесінің уақытын ұзартуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведоства басшысы "ашық аспан астында жұмысын жалғастыратын нысандарда спорттық іс-шаралар өткізу, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметі тұрғысынан әлеуметтік-экононмикалық нысандардың жұмыс уақытын ұзарту туралы шешім қабылдағанын, бұл критерилерге жаңа нысандар: жазғы дәмхана, қоғамдық тамақтану орындары енгізілгенін" айтты.

"Қызыл" аймақта тұрған өңірлерде ашық алаңдағы нысандар таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, "сары" аймақтағы облыстарда тағы 7:00-ден түнгі 00:00-ге дейін, "жасыл" аймақтағы облыстарда 7:00-ден түнгі 02:00-ге дейін жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді. Көшеде серуендеу мен тамақтануға шектеу жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров