Бейнебақылау камераларының көмегі көп

Қуаныш РАХМЕТ

ДП баспасөз қызметі

Өткен тәулікте Маңғыстау облысында Жедел басқару орталығының қызметкерлері 50-ден астам қоңырауды қабылдап, бейнебақылау камераларының көмегімен бірнеше әкімшілік-құқық бұзушылық және қылмыстық істі ашты, деп хабарлайды Экспресс К облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамның тыныштығы мен адамдардың қауіпсіздігін қадағалауда бақылау камераларынык көмегі көп. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті кешегі күні тұрғындардан түскен қоңырауларды қабылдап, бақылау камераларын қараудың нәтижесінде бірнеше құқық бұзушылықты анықтады. Бір тәулікте 72 әкімшілік-құқық бұзушылық анықталып, 1 қылмыстық іс ашылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров