Үндістаннан келгендер карантинде болады

Қуаныш РАХМЕТ

qazweek.kz

Үндістаннан Қазақстанға ұшып келген жолаушылар бірден 14 күндік карантинге жатқызылады, деп хабарлайды Экспресс К Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үндістаннан келген жолаушылардың қолында ПТР тест тапсырғаны, теріс нәтиже көрсеткені, тіпті ауруға қарсы вакцияна салдырғаны туралы екпе қағазы болса да, карантинге жатады деді.

Қазіргі таңда Үндістанда коррнонавирус індетін жұқтыру көрсеткіші рекордтық өсіммен өрлеп барады. Бір күннің ішінде 400 мыңға жуық тұрғын індетке шалдығып отыр. Аты жаман індеттің таралуы бойынша бұл ел әлемде екінші орында тұр, бүгінде 20 миллионнан астам тұрғын ковид жұқтырған.

Министр вирустың жаңа штаммы таралмас үшін Үндістанға барып келген, тікелей рейспен емес, үшінші елдер арқылы қатынаған жолаушылар да бірден карантинге жіберілетінін жеткізді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров