Субұрқақ құрылысына бөлінген қаржыны жымқырған


©ЭК
Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттігі Атырауда 1 миллиард теңгеден астам қаржыға субұрқақ салуға тиіс болған компанияны тексеріп жатыр, деп жазады «Экспресс-К».
Қалада 2018 жылы 9 субұрқақ құрылысының жобасы әзірленіп, 2019 жылы мердігер "Еңбек" РМК 1 млрд 92 млн теңгеге келісім-шарт жасаған.
— 2020 жылдың мамыр айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттігі мердігердің бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, соның салдарынан құрылыс тоқтатылды. Мердігерге 2019 жылы орындалған жұмыстар үшін 816 млн теңге аударылды,- деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігі.
Бүгінде ақау тізімдемесі толтырылып, оның негізінде техникалық тексеру жүргізіледі. Қорытынды алынғаннан кейін құрылысты жалғастыру үшін жобалық- сметалық құжаттама әзірленбек.
— Мердігер ұйымды орындалмаған жұмыстардың құнына сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізіледі. Субұрқақтарды қайта жаңарту техникалық тексеруден кейін келісім-шарттың қалған сомасына аяқталады,-дейді қала әкімдігінің жауапты тұлғалары.
Бөлісу