Мексикада метрокөпір апатынан 13 адам қайтыс болды

Express Qazaqstan

marketresearchtelecast.com

Мехикода метрокөпір құлап, алдын-ала мәліметтер бойынша, 13 адам қайтыс болды, 70 адам жарақат алды, деп хабарлады жергілікті тәуекелдерді басқару және азаматтық қорғау агенттігі.

Жергілікті Milenio TV телеарнасы метро көпірі нің үстінде келе жатқан пойызбен бірге құлаған кадрларды көрсетті.

Мехико қаласының мэрі Клаудия Шейнбаум апат болған жерге барып, Твиттерде бұл жерде "өрт сөндірушілер, қоғамдық қауіпсіздік қызметкерлері жұмыс істеп жатыр"деп хабарлады.

Оның айтуынша, жараланғандар мен қаза болғандар бар.

"Жақын арада біз толығырақ ақпарат береміз", — деді ол.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров