Вакцина салдырған азаматтарға кейбір шектеулер болмайды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстанда вакцинациялар санының артуына байланысты коронавирусқа қарсы толық егілген азаматтар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

"Сонымен, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсы болған кезде ауруханаға жатқызудың кез — келген түріне, ұйымдасқан топтарға, вахталық жұмысшыларға, демалыстан, іссапардан кейін медицина қызметкерлеріне, ауруға байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық университеттер мен колледж студенттеріне және басқаларға ПТР-тест қажет емес", — деді ол сейсенбі күні Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Сovid-19 науқастарымен байланыста болғандар оқшауланбайды, бірақ оларға медициналық бақылау жүргізіледі, ал кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтықтан жұмыс форматына ауыспайды.

Сейсенбі күні Цой Қазақстанда 4 мамырдағы жағдай бойынша шамамен 1,5 млн азамат немесе вакцинациялауға жататын халықтың 15% вакциналанғанын хабарлады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров