Қазақстан

Жұма намазын оқуға рұқсат берілді

Қуаныш РАХМЕТ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңаң қаулысы жарияланып, қаулыға сәйкес 4 мамырдан бастап еліміздің мешіттерінде жұма намазын оқуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Экспресс К Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас мемлекеттік санитар Е.Қиясовтың жаңа қаулысы бүгіннен бастап күшіне енеді. Осы қаулыда "Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде "жұма намазы", күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады" деп жазылған.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Рамазан айының алғашқы күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған болатын. Мүфти президентке жамағаттың жұма намазын асыға күтіп жүргенін жеткізген еді. Қ.Тоқаев та елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, мешіттер бұрынғыдай жұмыс тәртібіне кқшетін күн де алыс еместігіне сенім білдірген-ді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров