Көлік салығы бойынша қарыз 30 млрд теңгеден асты

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Республика бойынша 1 миллионнан астам адамның мемлекет алдында көлік салығы қарызы 30,7 млрд теңгені құрайды. Қарыздың 26,8 млрд теңгесі қарыздың негізгі сомасы болып табылады. Қалған 3,8 млрд теңге өсімпұл есептелген, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Ең үлкен қарыз сомасы Алматы қаласында тіркелген. Оңтүстік мегаполистің тұрғындары көлік салығы бойынша 6,1 млрд теңге берешек. Одан кейін Алматы облысы келеді. Бұл аймақтағы автокөлік иелері 4,8 миллиард теңге көлемінде салық төлемеген. Нұр-Сұлтан қаласы қарыз мөлшері бойынша алғашқы үштікте. Елордадағы автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке 3 млрд. теңгеге жуық қарызы бар.

Борышкерлер саны бойынша антирейтингті 165 мыңнан астам адам салық міндеттемелерін орындамаған Алматы облысы бастап отыр. Екінші орында Алматы қаласы. Онда борышкерлер саны 107 мыңнан асады. ТОП-3 Түркістан облысы да кіреді — 104 мың адам.

МКК Салық кодексіне сәйкес салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімі өткен әр күн үшін өсімппұл есептелетінін еске салады.

Салық төлеу үшін мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ. "е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын орнатып, салық бойынша қарыз көлемін біліп, онлайн төлеу жеткілікті. Сондай-ақ, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров