Баланы қаққан самокат жүргізушісі ұсталды

Оскар БЕК

pixabay.com

Алматыда 4 жастағы баланы қағып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды,-деп хабарлайды Экспресс-к. Ол 1997 жылы туған, Б.есімді азамат. Алматы облысы, Іле ауданының тұрғыны.

"Ер адам өзінің кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қаққаннан кейін, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты. Сондай-ақ самокат жүргізушісі қасында оның сүйіктісі — 2000 жылы туған Т.есімді азаматшаның болғанын айтты. Сот ісін жүргізудің осы сатысында Б.есімді азаматқа ҚР ӘҚбК-нің 615 бабы, 2 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр ", — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров