Құны 5 млн теңге болатын есірткі тәркіленді

Экспресс К

ДП баспасөз қызметі

Атырау облысы Полиция Департаменті Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткі 29-жастағы азаматты ұстады,-деп жазады «Экспресс-К».

— Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл 5 млн теңге сомасына 3500-ден астам бір реттік дозаларға тең келеді. Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген есірткіні оған басқа қаладан жеткізген, — деді Атырау облысы Полиция Департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, аталған қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров