Бензин буынан көз жұмды

Жарас КЕМЕЛЖАН

ugrapro.ru

Жаркентте 17 жастағы колледждің екі студенті бензин буынан уланып, көз жұмды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада "Жаркенттік полицейлер оқиға орнына барып, көлік қоймасынан 17 жасар екі жігіттің мәйітін тапты. Балалардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала болжам бойынша, зардап шеккендер автомобильді жөндеу кезінде бензин буынан уланып қалған", — деп атап өтті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының төртінші бөлігі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров