Мердігерлер 400 млн теңге шығын келтірген

Express Qazaqstan

iagorod.kz

Рудный қаласының әкімдігі жолдарды сапасыз жасаған мердігерлерді қайта жөндеуге міндеттемек. Алдын ала есептелген жалпы шығын көлемі 400 миллион теңге.

Атқарушы орган компаниялардың атына наразылық хаттарын жолдаған. Мердігерлер жеткізушілерден сатып алынған асфальт сапасының төмендігіне сілтеме жасап отыр. Бірақ, әкімдік тарабын бұл жауап қанағаттандырмайды. Егер шығынды өтеп бермесе, сотқа жүгінбек.

"Жалпы, өткен жылы 200 мың шаршы метрден астам жолға жаңа асфальт төселді. Сапасыз істелген жұмыс қар еріген кезде білініп қалды. Жолдар шұрық-тесік. Біз бұл мәселені ұмты қалдырмаймыз", — дейді Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Есқатов.

2021 жылы қала көшелерінің жолдарын ағымдағы, орташа жөндеуге, қайта жаңартуға, техникалық қадағалауға және тәуелсіз сынақ зертханасының жұмысына жалпы 116 миллион теңге бөлінген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров