Сарқырамадан құлап, сау тамтығы қалмады

Диас АЛТАЙ

әлеуметтік желіден 

Ақмола облысындағы Үлгілі сарқырамасына тағы бір адам құлап кетті. Бұл жолы табиғатты тамашалауға келген 45 жастағы азаматтың табаны тастан тайып құлаған. Бірнеше сүйегі сынып, ауыр жарақат алған науқас дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.

Үлгілі сарқырамасының көктем кезінде ағыны қатты болады. Сондықтан табиғаттың осынау әсем көрінісін тамашалауға жан жақтан жиналатын жұрт та көбейген. Бірақ барлығы бірдей қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Мәселен осы сарқырамада биыл екінші рет оқыс оқиға орын алып отыр. Бұған дейін селфи жасамақ болған әкесі мен қызы суға құлап, аман қалған. Ал 45 жастағы көкшетаулық азамат оңбай жараланыпты. Отбасымен демалуға келген оны асау өзен ағызып әкеткен. Құлаған сәтте есінен танып қалған оны арқырап аққан су тастан-тасқа ұрған. Ал осы маңдағы саяхатшылар еш көмек бере алмапты. Салдарынан суға құлаған азаматтың басы жарылып, сүйектері сынған. Қазір науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

"Науқасты жедел жәрдем бригадасы жеткізді. Қосарланған сынық жарақаты деген диагноз қойылды. Яғни бірнеше қабырғасы, бұғанасы сынған. Өкпесі не зақым келген. Кеуде сүйегі сынғандықтан, тыныс алу аппаратына қосылды. Жағдайы бірқалыпты, бірақ ауыр", — дейді Ақмола облыстық ауруханасы директорының орынбасары Дмитрий Чайков.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров