Қазақстан
Президент Қ. Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады


facebook.com / Berik Uali
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19-20 мамырда Тәжікстанға ресми сапармен барады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Биылғы жылдың 19-20 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады. Сапар барысында екі мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген форматтағы кездесулері жоспарланған.
Оның айтуынша, келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды арттыруға баса назар аударылмақ, Қазақстан-тәжік стратегиялық әріптестігін дамыту мәселелері қарастырылмақ.
Өңірлік кооперацияны жандандыруға, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.
Бөлісу