Мексика
Метрокөпір апатынан көз жұмғандар саны 20-ға жетті


newsrobin.com
Мексика астанасы Мехикода метрокөпір апатынан қаза болғандар саны 20 адамға жетті, тағы 49 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Мексика ТВ қала мэрі Клаудия Шейнбаумға сілтеме жасап.
Шейнбаум метро бекетінің құлауы салдарынан 20 адамның көз жұмғандығын растады, 49 адам ауруханаға түсті.
3 мамырда кешке метроның 12-ші линиясының Оливос станциясында апат болды.Көлік пойыз өтіп бара жатқанда көпір тіректерінің біріне кіріп кеткен.
Мексиканың сыртқы істер министрі Марсело Эбрард қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты, ол Мехико қаласының мэрі болған кезде метроның 12-ші линиясы салынған еді.
Бөлісу