Таразда жол ақысы қымбаттады

Диас АЛТАЙ

© РИА Новости

Таразда жол ақысы қымбаттады. Енді тұрғындардың Тұлпар картасымен төлем жасауы тиімсіз. Өйткені онымен есеп айырысу ересектерге 20, ал оқшуыларға 10 теңгеге қымбаттады.

Ал, жол жүру билетін қолма қол төлеу бұрынғыша 130 теңге көлемінде қала береді. Деседе бұл қымбатшылық жолаушылардың наразылығын тудырды. Себебі бағаның өсетіні туралы бір апта бұрын айтыла бастаған. Бірақ тұрғындардың көбі енді естідік дейді. Тіпті кейбірі бүгін қоғамдық көлікке мінгенде аң-таң болған. Өйткені электрондық жолақы құны ересектерге 65 тен- 85 теңгеге, оқушыларға 30 –дан 40 теңгеге көтерілген. Шенділер сонда да бұл ел бойынша ең арзан баға деп мәлімдеді. Атқамінерлер бұл қадамға амалсыз бардық дейді. Бағаны өсірмесе тасымалдаушы компаниялар банкорт болуы мүмкін екен. Өйткені жанармай құны өскен, оның үстіне автопарктер қоғамдық көліктерді жаңалауы керек. Айта кетейік, Таразда соңғы үш жылда жол жүру бағасы өзгермеген.

Бүгінгі таңда жанар-жағармай бағасы 30-40 пайызға қымбаттады. Қосалқы бөлшектердің бағасы 50 пайызға өсті. Тек дизелдің өзі 2017 жылы 89 теңге болса, бүгінгі күні 185-200 теңгені құрап отыр.

дейді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров