Екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

Express Qazaqstan

ДП баспасөз қызметі

Самара-Шымкент тасжолында екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды,деп хабарлайды "Экспресс К"

Жол апаты 3-мамыр күні сағат 11:30-да болған. Самара-Шымкент тасжолы бойындағы "Тұлпар" кепмингі маңында "ВАЗ-2105" көлігінің 33 жастағы жүргізушісі "КамАЗ" жүк көлігімен соқтығысады. Екі жүргізуші де Қызылорда облысының тұрғыны.

-Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен 29 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. ҚР Қылмыстық Кодекснің "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал 2 мамыр күні Ақтөбе-Орынбор тасжолында жеңіл көлік пен "Газель" көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмған болатын. Департамент өкілдері жүргізушілерге жолда абай болуды ескертеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров