Алматы облысы
Жүк көлігі автомобильді жапырып өтті


Бейнеден кадр
Алматы облысында жүк көлігі жолаушылар мінген тойота камри автосын жапырып өтті деп,-деп хабарлайды Экспресс-К zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Алматы-Көкпек тас жолының 24 шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тойотаның жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігіне соғылған. Алған жарақаттан 32 жастағы жолаушы тілге келмей жан тапсырды. Ал, жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу