Науқас дәрігерді ұрып жарақаттаған

Қуаныш РАХМЕТ

kurieronline.ru

Қостанайда науқастың дәрігерді ұры фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 мамырдың түнінде Қостанай қаласының тұрғыны қолының жарақатына байланысты ауруханаға жеткізіледі. Травматологиялық бөлімге 26 жастағы тұрғын білегі кесіліп түсіпті. "Тексеру кезінде ол өзін агрессивті ұстады, нәтижесінде дәрігерге дене жарақатын салған. Полиция келгенге дейін науқас қашып үлгерді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп" жатқанын хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров