Сұйықмай қымбаттады

Диас АЛТАЙ

© РИА Новости

Еліміздің бірқатар аймағында күнбағыс майын қымбаттатуға тиым салынды. Енді дүкендерде сұйықмайдың литрін 608 теңгеден асырып сатуға болмайды. Осындай шешімге әзірге тек бес облыстың әкімі қол қойыпты.

Бірақ оған саудагерлер риза емес. Себебі көтерме бағамен мұндай соммаға тауар табылмайды дейді. Ал қалған өңірлерде сұйықмай құнына ешкім шектеу қоя алмай отыр. Мәселен Қарағандыда күнбағыс майының бағасы аспандап тұр. Мұндағы көтерме базардың өзінде ең арзан өсімдік майының бір литрі 750-800 теңгеден сатылуда. Тұрғындар күннен күнге қымбатшылықтың қысып бара жатқанына ашынғанымен, ең қажетті тауар болғандықтан бағасына қарамай алуға мәжбүр.

Десе де сұйық май құнын көтермеу үшін еліміздің бес облысының әкімі бірлескен қаулы қабылдады. Енді Ақтөбе, БҚО, Атырау, Қызылорда және Алматы облыстарында майдың литрін 608 теңгеден асыруға тыйым салынған. Егер дүкендер ойына келген бағаны қояр болса, кәсіпкер айыппұл төлейді. Күнбағыс майының бағасына қатысты бұл шектеу тоқсан күн бойы күшінде болады.

-"Осы баға қымбаттағалы біз облыстың қаулысымен шектік баға қойдық. Ақтөбе облысы бойынша 608 теңге қазіргі таңда. Ол Ақтөбе облысына, сонымен қатар бізден басқа тағы бес облыста шектік баға орнатылды"-дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов.

Алайда, әкімдердің мұндай шешіміне саудагерлер ашуланып отыр. Өйткені, көтерме бағамен алған күнде де 608 теңгеге сұйықмай табылмайды дейді. Тіпті, Ақтөбе облысы әкіміне тікелей бағынатын тұрақтандыру қорында күнбағыс майы таусылған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров