Спорт
Жозе Моуринью "Романың" бас бапкері атанды


© Getty Images
Португалиялық маман Жозе Моуринью италиялық "Рома" командасының бас бапкері атанды, деп хабарлайды kaz.vesti.kz
Маман жаңа командасымен 2024 жылдың жазына дейін келісімшарт жасаған. Ол қызметіне 2021/22 жылғы маусым басталар алдында кіріседі.
Моуринью осыдан он жыл бұрын Италияда жұмыс істеді. Ол "Интер" командасын жаттықтырып екі рет Италия чемпионатын, Италия кубогі мен Суперкубогін және Чемпиондар лигасын жеңген.
Бөлісу