Әйел адам оныншы қабаттың терезесінен секіріп кетті

Express Qazaqstan

© Sputnik

Оқиға орнында көз жұмған әйелдің осы кезге дейін психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрғаны анықталды.

Алматыда 49 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қыздың зәулім ғимараттан секіргені kris_p_almaty_official парақшасында жарияланды. Қайғылы оқиға Сайранға жақын жерде, Төле би көшесінде болған.

Оқиға 3 мамырда Алматының Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінде болған.

Өз-өзіне қол жұмсаған 1972 жылы туған әйелдің психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрғаны анықталды.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Оқиғаға қатысты тергеп, тексеру жұмыстарын Алмалы ауданының полиция басқармасы жүргізуде", — делінген хабарламада.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров