Маңғыстау ардагерлеріне де 1 млн теңгеден берілді

Қуаныш РАХМЕТ

© ТАСС

Маңғыстау облысының әкімдігі осы өңірде тұратын екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқаны 6 ардагерге 1 миллион теңгеден сыйақы берді, деп хабарлайды "Экспресс К" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ бір реттік материалдық көмек басқа санаттағы тұлғаларға да берілді. Мәселен, Ленинград қоршауында болған екі азаматқа 120 250 теңгеден, облыс орталығында тұратын 394 тыл еңбеккеріне 96 200 теңгеден, аудандарда тұратын 325 тыл ардагеріне 40 айлық есептік көрсеткіш, яғни 116 680 теңге сыйақы беріледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа кебенек киіп аттанған ерлері ажал құшып, жесір қалса да, жігерін жасытпай бүгінде кимешекті әже атанған ақтаулықтарға 120 200 теңгеден, аудандарда тұратын жаулығын кірлетпеген әжелерге 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік сыйақы аударылады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров