Әлем чемпиондарына 3 млн теңге сыйақы берілді

Қуаныш РАХМЕТ

kfb.kz

Бүгін Алматыда Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев бокстан Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, жүлдегер атанған жас таланттарды марапаттады.

Польшаның Кельце қаласында өткен әлем біріншілігінен еліміздің ұл-қыздары 10 медаль олжалап қайтқан болатын. Астаналық Санжар Тәшкенбай 49 келіде, қарағандылық Сабыржан Аққалықов 64 келіде әлем чемпионы атанған еді. Федерация президенті екі әлем чемпионының әрқайсына 3 миллион теңгенің сертификатын салтанатты түрде табыстады.

kfb.kz
kfb.kz

Әлем біріншілігінің финалында сүрініп, күміс медальді місе тұтқан Елнұр Сүйінбай, Ерболат Сабыр, қыздардан Дана Дидай мен Жұлдыз Шаяхметоваға 1,5 миллион теңгеден сыйақы берілді. Польшадағы әлемдік додадан қола медаль қанжығалаған Диас Молжігітов, Елдана Тәліпова, Әсел Сағатова, Жасмин Қизатоваға 1 миллион теңгеден табысталды.

kfb.kz
kfb.kz

Ерлер мен қыздар құрамасының аға бапкерлері Қайрат Сәтжанов пен Елдос Сайдалин де құрметсіз қалған жоқ. Жастар құрамасын әлемдік аламанға баптап апарған аға бапкерлерге де қомақты сыйақы берілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров