Жаяу жүргіншілер өткелінен үш қызды қағып кетті

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Жапа шеккен қыздар туралы видео 5 мамырға қараған түні taldykorganec.7282.Instagram парақшасында жарияланды. Куәгерлер бұл жаяу жүргіншілер өткелінде жарықтандыруды ұйымдастыру қажеттігін тағы да баса айтып отыр.

Оқиға орнына жол патрульдік полициясы мен жедел жәрдемнің үш бригадасы келді. Қыздар медициналық мекемеге жеткізілді, олар әртүрлі деңгейде жарақат алған.

Талдықорған тұрғындары жаяу жүргіншілер өтетін жолақты жарықтандыру мәселесін бірнеше рет көтерген. Себебі жүргізушілер айналма жолды өткен бойда Алматы тас жолына шығар тұста жылдамдықты асыратын көрінеді. Сондықтан көбіне жаяу жүргіншілерді өткізбей тастайды. Тіпті күндіз де бұл жерден жолдың қарсы бетіне аса қауіпті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров