Air India ұшқыштары рейстерге шығудан бас тартпақ

Express Qazaqstan

moneycontrol.com

Үндістанның Air India авиакомпаниясының ұшқыштары елде инфекцияланғандар санының артуы аясында covid-19 коронавирусына қарсы шұғыл түрде вакцина алғанға дейін рейстерден бас тартады, деп хабарлайды Times Of India.

"Медициналық қолдаусыз, сақтандырусыз және жалақы едәуір қысқарған жағдайда біз вакцинация алмаған ұшқыштардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз", — делінген Үнді ұшқыштары одағының Air India басшылығына жазған хатында.

Соңғы апталарда елдегі эпидемиологиялық жағдай қатты нашарлады. Ауруханалар көптеген науқастарды қабылдай алмайды. Қайтыс болған пациенттердің мәйіттері крематорийлерге көп жүк түскендіктен, отқа жағылуда. Осыған байланысты билік елдегі ең танымал спорттық жарыс-крикет лигасын да өткізбейді.

Премьер-министр Нарендра Моди бастаған Үндістан үкіметі ел экономикасы үшін салдары теріс болады деп қорқақтап, ұлттық локдаунды енгізгісі келмейді. Бірақ Үндістан парламентінің кейбір мүшелері локдауынды тығырықтан шығудың жалғыз жолы екеніне сенімді.

"Үндістан үкіметінің мүлдем стратегиясы болмағандықтан, локдаунның жалғыз ғана жол екенін түсіндіргім келеді. Олар вирустың осы кезеңге жетуіне мүмкіндік беріп қана қойған жоқ, оның таралуына көмектесті", — деп жазды Үнді ұлттық конгресінің мүшесі Рауль Ганди Twitter-де.

Үндістанда пандемия басталғалы бері коронавирус 20 миллионнан астам адамда тіркелді. Тек сейсенбіде 355 мыңнан астам жаңа covid-19 жағдайы анықталды. Аурудың салдарынан қайтыс болғандар саны 222 мыңнан асады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров