«Манчестер Сити» тұңғыш рет финалға шықты

Қуаныш РАХМЕТ

ua-football.com

Англияның «Манчестер Сити» клубы УЕФА чемпиондар лигасының финалына тұңғыш рет шықты.

Жартылай финалдың қарымта матчын сырт алаңда өткізген "Манчестер Сити" Францияның "Пари Сен Жермен" клубын 0:2 есебімен ұтып финалға өтті. Жартылай финалдың өз алаңдарындағы ойынында 2:1 есебімен жеңген болатын.

11, 63-минуттарда Рияд Марез екі гол соғып, қонақтардың мерейін үстем еткен соң-ақ "ПСЖ" футболшыларының ойын жүйесі сетінеп сала берді. Тіпті 68-минутта Анхель Ди Мария алаңнан қуылып, жығылған үстіне жұдырық болған.

Сұңғыла бапкер Пеп Гвардиола баптайтын "Манчестер Сити" клубының финалдағы қарсыласы бүгін түнде испандық "Реал" мен ағылшынның тағы бір клубы "Челси" тартысында анықталады. Бұл екі клубтың арасындағы жартылай финалдың бірінші матчында 1:1 есебі тіркелген еді.

Финалдық ойын 29 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров