Электрондық ҰБТ қалай өтеді?

Express Qazaqstan

pixabay.com

Смағұлов ертең басталатын электрондық ҰБТ-ның толық өтуіне хакерлер де, жарықтың сөнуі де кедергі бола алмайтынына сендірді.

Электрондық форматтағы ҰБТ биыл алғаш рет өткізілгелі отыр. Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов Sputnik Қазақстанға берген эксклюзивті сұхбатында бұл жүйенің жоғары деңгейде қорғалғанын, оған сырттан ешкім бұзып кіре алмайтынын айтты.

"ҰБТ-ны басқа қондырғылардан ешкім тапсыра алмайтынына кепілдік береміз. Ол тек тестілеу орталығынан ғана тапсырылады. Мұндағы компьютерлерді "нәзік клиенттер" деп атауға болады. Оларда тек біздің ұлттық тестілеу орталығының парақшасы ашылады. Оған басқа бір қондырғыларды қосу мүмкін емес", — дейді Смағұлов.

Электрондық ҰБТ биыл 6 мамырда басталады. 20 жылдан астам уақыттан бері тестілеу қағазбен өткізіліп келді. Түлектер өзі таңдаған жауаптың тұсындағы кішкентай шеңберді белгілейтін. Ал жауабы дұрыс болмай қалса, оны түзету мүмкін емес-тін.

Енді әрбір тестілеуден өтуші сұрақты кез-келген уақытта қайтадан қарап, қажет десе жауабын өзгерте алады.

"Тестілеуді байқаусызда жауып қоя салуға болмайды. Бәріне жауап беріп болған соң жүйе түлектен "тестілеуді аяқтауға сенімдісіз бе?" деп бірнеше рет сұрайды. Тіпті бүкіл қалада жарық сөніп қалса да, жауаптар жүйеде сақталып тұрады. Ал электр қосылған кезде сынақ тоқтаған жерден ары қарай жалғаса береді", — дейді Дидар Смағұлов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров