47 000 жобаға – 2,5 трлн теңге жеңілдетілген несие

Жарас КЕМЕЛЖАН

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елімізде бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады.

Биыл 47 мыңға жуық жобаға 2,5 трлн теңгеден астам жеңілдетілген несие беру көзделген. Кәсіпкерлердің өтініштерін қарау 21 күнннен 5 күнге қысқартылды. Кәсіпкерлерді қолдау аясы кеңейе түседі. Сондықтан, Үкімет басшысы бизнесті салықтық ынталандыру жөніндегі заңнамалық түзетулер пакетін қабылдауды тапсырды. 1 маусымға дейін Парламентте тиісті жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Айта кету керек, елімізде кәсіпкерлер үшін несие бойынша төлем мерзімі 1-шілдеге дейін шегерілді. Кейінге қалдырылған төлемдер 750 млрд теңгені құрайды. "Автостройконсалтинг" құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз деуде. Бірақ, нақты аяқталмауы мүмкін" — деп түсіндірді.

Ауылда құны 1 жарым миллиардқа жуықтайтын мектептің құрылысы да 1 жылға жуық уақыт кешеуілдеді. 424 орынға арналған білім ошағы пандемияға байланысты уақытында тапсырылмаған. Мердігер 2 аптада аяқтаймыз деп отыр. Ал, мәдениет үйінің болашағы бұлыңғыр. Рухани дүниеге зәру тұрғындар мәдениет үйінің төрінен әуелеген әнді, күмбірлеген күйді жуық арада ести алмайтынына налиды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров