Тергеу изоляторына марихуана кіргізбек болды

Express Qazaqstan

Экспресс К

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесіне, яғни тергеу изоляторына әкелінген азық-түліктерді тексеру кезінде пластикалық ыдыстың түбіне жасырылған жасыл түсті шөп табылды,-деп жазады «Экспресс-К»

— Мекеме қызметкерлері заңсыз сәлемдеменің ұрлық жасағаны үшын ұсталынып отырған 28-жастағы азаматқа арналғанын анықтады. Шөп полиэтилен пакетке оралып, ыдыстың түбіне жасырылған. Мекемеге Атырау қалалық полиция басқармасының тергеу тобы шақырылып, заңсыз сәлемдеме сараптамаға жіберілді,- дейді мекеме бастығының орынбасары Роман Увашев.

Облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз-қызметі, мекемеге әкелінетін сәлем-сауқаттар рентген аппаратымен жіті тексерілетінін атап өтті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров