Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды

Express Qazaqstan

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жаңа Конституцияға қол қойды, деп хабарлады сәрсенбіде оның баспасөз қызметі.

"Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 11 сәуірде өткен референдумның ресми қорытындыларына сәйкес елдің жаңа конституциясына қол қойды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы "Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы" тиісті заңға қол қойды.

"Жаңа Конституция біздің еліміз үшін өзекті сын — тегеуріндерді ескере отырып жазылған, ол халық ретінде біз бағалайтын құндылықтарды және қоғам ретінде ұмтылатын идеалдарымызды бейнелейді", — деді Жапаров Қырғызстан Конституциясы күніне орай құттықтауында.

"Негізгі Заң біздің халқымыздың мүдделеріне табысты қызмет етіп, Қырғызстанның одан әрі тиімді дамуына ықпал ететініне сенімдімін", деді Жапаров.

Референдумда жаңа Конституцияны сайлаушылардың 79,3% қолдады. Жаңа Негізгі Заң президенттік басқару нысанына көшуді және республикада билік жүйесін ұйымдастыруға байланысты бірқатар басқа да өзгерістерді, оның ішінде Парламент депутаттарының санын қазіргі 120-дан 90-ға дейін қысқартуды көздейді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров