Ортағаш бөгетінде балық қырылып жатыр

Диас АЛТАЙ

Әлеуметтік желі

Ақмола облысындағы Ортағаш бөгетінде жаппай балық қырылып жатыр. Қазір мамандар жағада шашылып жатқан мөңкенің неден өлгенін тексеруге кірісті.

Бұл бөгетте балық қорының көп екенін мамандар бұрын соңды білмедік дейді. Жауапты мамандар жағалауда мыңдаған мөңкенің өлексесі шашылып жатыр дегенді естігенде ғана осы жерге келген. Сөйтсе, ұзындығы 1 жарым шақырым, ені 400 метр болатын бөгетті жеке кәсіпкер қаңтар айында жалға алып, балық өсірмек болған. Бірақ, қыс қатты болып, шалғайдағы көлге жете алмай қалған. Мамандар мұздың қалыңдығы бір метрден аса қатқандықтан су астындағы балыққа ауа жетпей қалуы мүмкін деген болжам айтуда. Ал, көктем шығып, тоң жібігенде өлекселерді толқын ұрып жағаға шашып тастаған,-дейді. Қазір құрамында эколог, балық шаруашылығы, ветеринария мамандары бар комиссия судан да, балықтан да сынама алып сараптамаға жөнелткен. Жағадағы шашылып жатқан балық өлексесін жинап алып, көміп тастапты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров