Екпе алмағандарға есік жабық па?

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Facebook әлеуметтік желісінде вакцина салдырғаны туралы анықтамасы жоқ тұрғындарды базарға кіргізбей жатқан сәт түсірілген видео жарияланды,-деп жазады «Экспресс К». Бұл Қызылорда қаласындағы болған жағдай.

Нариман Ахметов есімді желі қолданушысы бұл видеоға қатысты жазба қалдырған. Ол келушілерді бақылаудың инновациялық жүйесін Қызылордадағы "Сұлтан" базарында ойлап тапты. Ashyq Apa деп аталады,-дейді.

Дегенмен Қызылорда облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Қазіргі уақытта қалалық емханалар жанынан екпе егу үшін жылжымалы топ құрылды. Осындай мобильді топтардың бірі бүгін "Қорқыт ата" сауда орталығында вакцинация жүргізді. Барлық санитарлық талап сақталады. "Базарға вакцинасыз ешкімді кіргізбаейді" деген ақпарат жалған екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта еркін саудаға барлық мүмкіншілік бар",-дейді әкімдіктегілер.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров