Қытай вакцинасын салдыру ертең басталады

Оскар БЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан тұрғындары Sinopharm Қытай вакцинасын салдыра алады,-деп хабарлайды nege.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.

Қазір басқарма қоймаларына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы келді. Ертеңнен бастап осы вакцинаны егуге кірісеміз. Бұл вакцина осы өндіруші компанияның вакцинасын салдыруға ниет білдірушілер үшін таңдау-препараты.

деді Мұратов елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинациялау үшін үш вакцина барын мәлімдеген болатын. Олар — ресейлік Спутник V, қазақстандық QazVac және Hayat-Vax қытай технологиясымен өндірілген араб вакцинасы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров