Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды

Express Qazaqstan

kyzylorda-news.kz

Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған қазақ күресінен XII облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті,-деп жазады "Экспресс К".

Дүбірлі бәсекеге Байқоңыр, Қызылорда қаласы мен аудандардан 200-ге жуық балуан қатысты.Түйе палуан сайысына 13 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев "Сыр Барысы" атанып, "Алтын белбеу" белдігі мен 500 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал, Қызылорда қаласының намысын қорғаған "Сыр Арланы" — Мақсат Исағабыловқа 300 мың теңгенің, "Сыр Сұңқары" — Ержан Абдуллаевқа 200 мың теңгенің сертификаты берілді. Үстіміздегі жылдың 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінде Қызылорда облысынан Нұрым Сəлімгереев пен Мақсат Исағабылов облыс намысын қорғайтын болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров