«Түркістан» кемесі теңізге шығады

Диас АЛТАЙ

inform.kz

Оралдағы «Зенит» зауыты су жаңа кеме құрастырып шығарды. Енді ол мемлекеттік шекараны күзету үшін шекарашыларға беріледі. Қазір су көлігі сынақтан өткізіліп жатыр. Тек содан кейін оны теңізге жібереді.

Бүгінгі салтанатты шараға көп ешкім келмеді. Карантиндік шектеулерге байланысты тек әскерилер, шенеуніктер және кемені құрастырып шыққан зауыт қызметкерлері қатысты. Отандық зауытта құрастырылған су көлігі айтарлықтай үлкен емес. Бірақ мамандар оны браконьерлер мен шекара шебін бұзғандарды ұстауға өте ыңғайлы дейді. Шағын кемеге киелі өлке "Түркістан" облысының атауы берілді. Ал өндіріс орны алдағы уақытта шекар қызметі үшін тағы бірнеше әскери су көлігін құрастыруды жоспарлап отыр.

-"Шекра кемесінің экипажы 16 адам. Салмағы 70 тонна. Кеме сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүреді"-дейді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің департамент бастығының орынбасары Сабыр Хасанов

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров