Қызылорда облысы
Сыныпта сыра сімірген мұғалім кім?


facebook.com
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылындағы мектеп директорының орынбасарының сынып ішінде отырып сыра ішкені туралы фотосурет әлеуметтік желіге тарап кетті,- деп жазады,-"Экспрес К". Бұл туралы Сандуғаш Тұрлыбекова есімді желі қолданушы жариялады.
"100 ақын мен жыраулар шыққан қасиетті өңірдің білім беру ұйымында ішімдік ішіп, ұстаздарға әдістемелік көмек беріп, оқушылар мен ата-аналарға үлгі өнеге көрсетіп жүр ме?Мынадан кейін мынадай мұғалімдерге қалай баланы сеніп тапсырамыз? Мына фотолар интернетте тарап жүр.Қатаң шара қолданып жұмыстан босатылсын!",-дейді ол.
Аталған жағдайға байланысты желі қолданушыларының жазған пікіріне орай облыстық білім басқармасы да жауап берді. Мәселе зерттеліп, жағдайға талдау жасалатын болады,-делінген аталған басқарманың жауабында.
Бөлісу