Күл жұтқан семейліктер көмек сұрайды

Express Qazaqstan

© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ

Семейдің Водный мен Восход ауданы тұрғындарын толассыз төгілген көмір қалдықтары әбігерге салуда. Желмен бірге ұшқан күл ішер суымызды ластап, бау-бақшамызды қуратып тастайды ма деп алаңдаулы олар, деп хабарлайды "Экспресс К".

© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ
© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ

Күл үйіндісі маңындағы талдар шетінен сола бастаған. Он төрт мыңға жуық тұрғыны бар аудан көмірден қалған қалдыққа арналған полигонның жабылғанын қалайды.

Ләззат Оспанова шахардағы Восход ауданының тұрғыны. Ол үй шаруасына кіріспес бұрын жел бағытын аңдап алады екен. Себебі жел күл қоқысы жақтан соқса, істеген ісінің берекесі қашады. Қырсық шалғанда бүгін тағы, жайылып тұрған кіріне күл қонып алыпты. Енді қайта жумақшы.

© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ
© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ

Ләззат Оспанова, Семей қаласының тұрғыны:

— Қиын боп кетті, осы жағдай. Кірді, қайта-қайта жуамыз. Мына жақтан қап-қара дауыл соғады. Түтін соғады ма? Кірді қап-қара қылдырып, түгін қалдырмайды. Үйімізді әдемі бірнәрсеге келтіріп, жинастырғымыз келеді. Түк болмайды. Дауыл соғады. Түтін қап-қара.

Ал Ләззаттың көршісі Айманның қарақаты қурап, өрігі өліп қалыпты. Бағбаншы бау-бақшасын барын салып қарағанымен жыл сайын жеміс беретіндердің қатары азайған. Алғашында топырақтың құнарын себепші деп ойлаған ол, қосымша жер тыңайтқыш заттарды да қолданып көріпті. Бірақ, одан да еш нәтиже шықпаған.

© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ
© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ

Айман ОШМАНОВА, Семей қаласының тұрғыны:

"- Бұрындары, мына жерде, қарақат, жемісіміздің бәрі өсетін. Енді, қазір түк жеміс алмаймыз. Бар гүлі түсіп қалады.Мына жердің өзі, шөптің өзі қарайып бара жатыр. Білмеймін бәрін әкеліп құямыз, биодобавкалардың. Бірақ, жеміс жоқ."

Орталықтандырылған су жүйесі жоқ аудан үшін көмір қалдығының қатері көп. Ауыз суды 2 метрлік жерден алып ішетін олар құдықтан шыққан қиыршық тастар мен қоқымды бөлек сүзіп алады. Қалғанын күнделікті тұрмысқа жаратады. Төгілген күл жаңбырмен араласып жерге сіңсе, ішер суымызды лайлайды деген уайым бар.

© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ
© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ

Жаңыл Ошақбаева, Семей қаласының тұрғыны:

— Бәріміз суды өзіміз қазып алып отырмыз. Бұл судың өте зияны бар денсаулыққа. Ол балаға да зиян, адамға да зиян. Және мына күл полигоны туралы да айтып отырмыз. Ол полигон жауған жаңбыр арқылы төмен қарай түседі. Ол 2 метрлік жерге сіңеді де қайтадан сол суды біздің халқымыз ішеді.

Мына ойылған жерлерге жергілікті жылу мекемесі жанған көмірдің қалдығын әкеліп төгеді. Тұрғындар күлге арналған полигонның елдімекенге өте жақын екендігін айтып ашынады. Алайда, қала әкімдігі мұның тұрғындарға экологиялық тұрғыдан зияны жоқ екендігін алға тартады.

© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ
© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ

Құралай Дүйсембаева, Семей қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің коммуналдық секторының меңгерушісі:

-Тұрғындардың экология департаментіне түскен өтініші бойынша, арнайы мамандар шлак төгетін аумақта зерттеулер өткізген. Яғни, инструменталды әдістермен зерттелген. Зерттеу барысында, атмосфералық ауада зиянды заттардың шектен аспағандығы анықталды. Сондай-ақ"Теплокоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қазіргі кезде, сол аумақта жас көшеттерді отырғызу, егуді жоспарлап отыр.

© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ
© Рүстем МҰХАМЕТРАҚЫМ

Бұл қаланың жылумен қамтамасыз ететін мекеменің былтыр салған көшеттері. Отыз шақты талдың біреуі де бой көтермей, қурап қалған. Желге қалқа болып, қоршаған ортаны ластамаудың алдын алатын жас өскіндердің өздері күл тозаңына оранып, өліп жатыр. Жақында тағы да көшеттер салыпты. Тұрғындар бұларды да былтырғы көшеттердің тағдыры күтеді деп тарқасты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров