Өрт сөндіретін құралдар жеткіліксіз

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Қызылорда облысындағы орман шаруашылығы мекемелерінің өрт-техникалық жабдықталуы небәрі 30% құрайды,-деп жазады "Экспрес К". Аймақтағы орман шаруашылығы мекемелеріне өрттерді дер кезінде жою және анықтау үшін өрт мұнарасы және басқа да құралдар жеткіліксіз. Бірқатар ауданда өрт сөндіру техникаларын жаңарту қажет.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында мәлімдеді. Өкен жылы аймақтағы орманды алқаптарда 41 өрт оқиғасы тіркелген. Алайда полиция бұған қатысты бір де бір кінәлі тұлғаны анықтамаған.

Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы полиция департаменті басшысына аталған қызметтің жұмысын жеке бақылауға алуды тапсырды.Сонымен қатар, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшыларына орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық қамтамасыз етілуін қамтамасыз етуді жүктеді.

— Белгілі болғандай облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық қамтамасыз етілуі 30 пайызды құрауда. Осыған байланысты, орман шаруашылығы мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін 2021 жылдың бюджетін нақтылау барысында және келесі жылдарға қаржы қарастыруды тапсырамын. 2021-2025 жылдарға облыс аумағының елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына сәйкес, ағымдағы жылы Қазалы ауданы бойынша Сарыбұлақ және Бозкөл ауылдық округтерінде өрт сөндіру бекеттері ашылуы тиіс. Қала және аудан әкімдеріне, ағымдағы жылдың 1-ші тамызына дейін құрылған өрт сөндіру бекеттерін бөлек ғимараттар мен қажетті өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен жарақтандыруды немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметімен келісім-шартқа отыруды, нәтижесі бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті тексеріп, жеке өзіме баяндасын, — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров