Полиция бөлімінің басшысы даулы видеодан соң жұмыстан босады

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Алматы облысындағы Ақсу аудандық полиция бөлімінің басшысы даулы видеодан соң қызыметінен босады. Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев түсініктеме берді.

Оның айтуынша, 4 мамырда әлеуметтік желіде Ақсу ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарған ішкі істер органдары қызметкерінің әдепсіз мінез-құлқының видеосы жарияланды. Аталған қызметкер жеке құраммен жұмыс істеуде өрескел кешірілмейтін қателік жібергенін мойындап, қызметінен кету туралы баянат жазған. Осы дерек негізінде Күдебаевтің тапсырмасы бойынша, Алматы облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижесі бойынша болған оқиғаға объективті баға беріледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров