Қазақстан
Еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі


pixabay.com
Қазақстанның көптеген аймақтарында алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына әкеледі", — делінген сәрсенбіде 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамында.
Оңтүстік-шығыста найзағай, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.
"Батыс антициклонның Қазақстан аумағына басып кіруімен ауа температурасының төмендеуі күтілуде, солтүстік жартысында түнде -3-ке дейін, күндіз +15+20 — ға дейін, республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күндізгі температураның +20+25-ке дейін айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді", — деп ескертті синоптиктер.
Бөлісу