Әлем чемпионын өлтіргендер сотталды

Express Qazaqstan

© ЭК

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовты аңшы мылтығынан атып өлтірген бұрынғы полиция қызметкері 15 жылға сотталды,- деп жазады “Экспресс-К”.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты грэпплингтен әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовқа қосауыз мылтықтан оқ атты деп күдікке ілінген Бекет Мазломға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ спортшының отбасына 10 миллион теңге моралдық зиянын өндіру міндеттелді.

Ал қылмысты жасырып қалған Бейімбет Дүйсенғалиев 3 жылға сотталды. Айта кетейік, 24 және 27 жастағы екі сотталушы да құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері.

Естеріңізге салайық, қанды оқиға былтыр 9 тамызға қараған түні болған. Атырау қаласының сыртында орналасқан Аманкелді және Құрманғазы ауылдарының бір топ жігіті арадағы кикілжіңді өзара шешу үшін кездескен. Сол түні мылтықтан бірнеше рет оқ атылып, жас спортшы жүрегіне тиген оқтан қайтыс болды. Сот үкіміне екі тараптың туыстарының да көңілі толған жоқ. Чемпионның ата-анасы сотта кейбір жайттардың ескертілмегенін айтып, облыстық сотқа шағымданатынын жеткізді.

Атырау облыстық Полиция Департаменті күдіктілердің өздерінің қызметкерлері екенін бірнеше ай бойына мойындамай келген еді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров