Атырау
«Атырау» клубы 500 мың теңге айыппұл төлейді


inform.kz
«Атырау» клубына ел чемпионаты аясында өз алаңында өткен «Каспийге» қарсы матчта стадионға көрермендерді кіргізгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Экспресс К Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Карантин талаптарына қарамастан "Атырау" клубының басшылығы өз бетімен көрермендердің келуіне рұқсат еткен. Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комиссиясының жианында клубқа айыппұл салынды.
"Тәртіптік регламенттің 66-бабына сәйкес "Атырау" ФК-ға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Бұл 583 400 (бес жүз сексен үш мың төрт жүз) теңгені құрайды.
"Атырау" футбол клубы 2021 жылдың 4 маусымына дейін айыппұл төлесін" -делінген Қазақстан футбол федерациясының ақпаратында.
Бөлісу