Көше тазалайтындарға ауызашар қоржыны таратылды

Express Qazaqstan

gov.kz

Қызылордада көше тазайтын жұмысшыларға ауызашар қоржыны таратылды, -деп хабарлайды "Экспресс К". Бұл шара Сыр өңірінде «Берекелі рамазан керуені» аясында жалғасып жатыр.

Рамазан айы басталғалы ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігі 770 отбасыға "ауызашар қоржынын" таратты. Сондай-ақ, акция аясында облыс бойынша 2070 отбасыға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік себеті жеткізілді.

Ал бүгін көше тазалығын сақтайтын жұмысшыларға, көп балалы және жалғыз басты аналарға, жағдайы төмен отбасыларға ауызашар қоржыны үлестірілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров