COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 334812, ЖАЗЫЛҒАНДАР 288187, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 3833


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 443 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР көрсеткен 2 мың 298 жағдай анықталды, 34 адам қайтыс болды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында — 47412 (+398),
- Алматы қаласында — 57822 (+651),
- Шымкент қаласында — 9877 (+70),
- Шығыс Қазақстан облысында —25370 (+84),
- Қарағанды облысында — 24786 (+245),
- Атырау облысында — 22358 (+200),
- Павлодар облысында — 21521 (+123),
- Алматы облысында — 20 944 (+185),
- Батыс Қазақстан облысында — 19960 (+151),
- Ақмола облысында — 19099 (+101),
- Қостанай облысында — 14868 (+25),
- Солтүстік Қазақстан облысында — 14099 (+29),
- Ақтөбе облысында — 9673 (+86),
- Жамбыл облысында — 8214 (+69),
- Маңғыстау облысында — 5956 (+60),
- Түркістан облысында — 5581 (+36),
- Қызылорда облысында — 5895 (+32).
ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 288 мың 187 адам қалпына келді, оның ішінде соңғы тәулікте 3 мың 816 адам.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 6 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан (КВИ) емдеуді 43 мың 253 адам (42 мың 792 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 461 — теріс (КВИ)) алуды жалғастырып жатқанын, оның ішінде стационарларда 14 мың 489 пациент, амбулаториялық емдеуде 28 мың 764 пациент бар екенін хабарлады.
"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 780 пациент ауыр халде, аса ауыр халде — 195, ӨЖЖ аппаратында — 121", — делінген ақпаратта.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19-дан 37 адам қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустан 3 мың 833 адам қайтыс болды.
Бөлісу