Финалда ағылшын клубтары ойнайды

Express Qazaqstan

sport24.ru

UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алған екінші команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы "Челси" (Англия) мен "Реал Мадрид" (Испания) командалары кездесті.

Жартылай финалдың алғашқы ойынында командалар 1:1 есебіне қанағат білдірген болатын. Сондықтан бүгін екі команданың бірі жеңіске жету жолын іздеуі тиіс еді.

Ойын барысында ағылшындық клубтың басымдығы айңғарылып тұрды. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 28-минутта "Челси" шабуылшысы Тимо Вернер мергендік танытты. Бұдан кейін қос команданың есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болды.

Ойынның 85-минутында ағылшындық клубтың тағы бір ойыншысы Мейсон Маунт қорытынды есепте белгіледі. Осылайша "Челси" қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Қос ойынның нәтижесімен олар финалға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетелік, жартылай финалдың тағы бір жұбында Англияның "Манчестер Сити" клубы Францияның "Пари Сен-Жерменін" (2:0, 2:1) орта жолда қалдырып кетті.

Енді 29 мамырда UEFA Чемпиондар лигасының финалы ағылшындық қос клуб кездеседі. Ойын Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Олимпиадалық стадионда болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров