Қызметкерлерінің кесірінен сөгіс естіді

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Олар ардагердің немересіне «әкім әжейді құттықтап бармайды, өйткені ол кәрі әрі темекі шегеді» деген.

Кейуананың туыстарын қызметкерлері әдепсіз сөзімен ренжіткен ШҚО ардагерлер кеңесінің төрағасына сөгіс берілді. Естеріңізге салсақ, аталған кеңес қызметкерлері ардагер Хауа Бұланбаеваның немересіне "әжей кәрі болғандықтан әрі текемі шегетіндіктен" оны облыс басшысы құттықтап бармайтынын айтқан еді.

Осы жағдайдан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов кейуананың туыстарынан кешірім сұраған.

Сосын әкімдікте Жеңіс күніне арналған шаралар жөніндегі мәселелер бойынша мәжіліс өтті. Онда аймақ басшысы ардагерлер кеңесінің мүшелерін біраз сілкілеп алды.

"Негізінен ардагерлер мен тың еңбеккерлерін қолдауға көңіл бөлдік. Хауа Бұланбаеваны құттықтауға қатысты мәселені бүге-шігесіне дейін қозғадық. Ол соғыс кезінде мұғалім болып істеген. Эакуацияланған балаларды қабылдап, үйдегі кәсіпшілікпен айналысқан. Бұланбаевның немересіне қызметкерлері әдепсіздік танытқаны үшін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаевқа сөгіс жарияланды", — деп жазды әкім Instagram-да.

Ол осыған дәлел ретінде кеңес басшысына ұрсып отырған видеосын жариялады.

Сондай-ақ, Ахметов 9 мамырда Хауа Бұланбаева мен өңірдің мақтанышына айналған өзге де жерлестерін міндетті түрде өзі барып құттықтайтынын жеткізді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров