Студентті өлтірген қылмыскерлер ұсталды

Қуаныш РАХМЕТ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ақмола облысында студентті өлтірген 20,22 жастағы екі қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

4 мамыр күні күндізгі уақытта Бурабай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Щучинск қаласының тұрғыны хабарласып, арыз береді. 46 жастағы ер адам 3-мамыр күні кешкі сағат 21:00 шамасында "Мерседес 180" маркалы қара түсті көлікпен үйінен шығып кеткен ұлы оралмағанын айтады. қызметі.

19 жастағы студент баласының телефоны сөндірулі болып, хабар-ошар ала алмаған соң секемденіп полицияға арызданған.

Осыған байланысты ПБ жеке құрамы жұмылдырылды, іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аталған автокөлік Щучинск қаласындағы жергілікті үйлердің бірінен табылды.

дейді ведомствоның баспасөз

Кісі өлтіру дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу шараларын қолға алып, жедел кіріскен. Соның нәтижесінде қылмыс жасап, адам қанын мойнына жүктеді деген күдікпен көлік табылған ауданда тұратын екі тұрғынды анықтады. Күдіктілер тергеу барысында қылмыстарын мойындап, марқұмды "Индрайвер" қосымшасы арқылы шақыртқандарын, өлтірген соң сүйегін қайда жасырғандарын көрсетіп берген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров