Жағажайлар шомылу маусымына дайын емес

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Өскемендегі шомылуға арналған жағажайлар жаңа маусымға дайын емес. Әлі күнге дейін мұндағы көпшілік келетін орындар талапқа сай жабдықталмаған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Елімізде маусымының бірінен бастап суға шомылуға ресми рұқсат беріледі. Сондықтан өңірдегі құтқарушылар жағажайларды жаппай тексеруге кірісті. Нәтижесінде бірқатар көпшілік орындарында қауіпсіздік ережелері мүлде сақталмаған. Мәселен сынған шөлмек, мыжылған құтыдан судың түбі әлі тазартылмаған. Сонымен қатар, суға батқан адамды құтқаруға арналған құралдар да тапшы екен. Талап бойынша шомылуға мүлде тыйым салынған орындарға жауапты кәсіпкерлер немесе жер қожайыны арнайы белгі орнатуға міндетті. Бірақ, бұл жұмыстар әлі күнге дейін атқарылмаған. Ал, осындай салғырттықтың кесірінен өткен жылы өңірде 31 адам суға батып өлген екен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров